23 желтоқсан 2014 17:11

Астаналықтар 2 миллиард теңгенің мүлкін заңдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hint4.me ©hint4.me

Мүлікті заңдастыруға құжат қабылдау мерзімі басталғалы бері Астана қаласында 972 өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мүлікті заңдастыруға құжат қабылдау мерзімі басталғалы бері Астана қаласында 972 өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда 289 тұрғын үй, тұрғын үйге жатпайтын 249 құрылыс нысаны және 10 коммерциялық нысан заңдастырылған. Заңдастырылған мүлік құнының жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асады. Ал ақшалай қаражатты заңдастыру бойынша 20 желтоқсан күнгі қорытындыға сай, жинақ шоттардағы сома 578 миллион 196 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, ақшаны, құнды қағаздарды заңдастыру үшін екінші дәрежелі банктерге жүгіну керек. Заңдастырылған ұлттық немесе шетелдік валютадағы қаржы Қазақстан Республикасының екінші дәрежелі банкінен ашылған жинақ шотта болуы тиіс. 

Еске сала кетейік, Қазақстандағы ақша мен мүлікті заңдастыру науқаны биыл 1 қыркүйекте басталды. Мүлікті заңдастыруға өтініштер 2015 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданып, бір ай көлемінде қаралады. Капиталды заңдастыруға өтінішті 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін беруге болады.

Бұған дейін осы шара басталған үш күннің ішінде 200-ден астам қазақстандықтың мүлікті заңдастыру комиссиясына өтінішпен барғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети