23 шілде 2018 09:14

Беларусь жалақы көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Ресейден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Беларусь таза жалақы көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Ресейден озып кетті. Әлеуметтік саяси институты Жоғарғы экономика мектебінің мамандары ТМД елдерінде, Шығыс Еуропада, Қытайда және Бразилияда табыс көзін есептей келе долларға шаққанда осындай шешімге келді. 

2017 жылы Беларусьте орта есеппен ай сайынғы жалақы мөлшері - 1648 доллар. Ресейде жалақы мөлшері 1640 доллар болды. Үшінші орында Әзірбайжан мемлекеті - 1364,1 доллар. Қазақстан төртінші орынға табан тіреді - 1252,5 доллар. 

Номиналды бағам валютасы бойынша ресейліктер көш бастап тұр. 2017 жылы Ресейде орта есеппен жалақы мөлшері 670,9 доллар болды. Екінші орында Қазақстан - 459,1 доллар, Беларусь Республикасында - 421,9 доллар, ал Әзірбайжанда - 306,7 доллар. 

2011 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта сатып алу мүмкіндігіне байланысты қарастырылатын (әр елдің сатып алу мүмкіндігі теңестірілетін). Авторлар есептеу барысында 2011 жылғы Дүниежүзілік банкінің мәліметтерін,  соңғы жылдардағы валюта бағамын және инфляция деңгейін пайдаланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети