24 сәуір 2019 12:01

БЖЗҚ активтері бойынша есептелген инвестициялық табысы 112 миллиард теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© semeytv.kz © semeytv.kz


2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 миллиард теңгеден асты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Алматы, Қазақстан - БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Оны мына жерден көре аласыздар. 

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 миллиард теңге болды.   

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.   

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 миллиард теңгеден асты. 

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

-         бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 миллиард теңге;
-         бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) миллиард теңге;
-         шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) миллиард теңге;
-         сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 миллиард теңге;
-         басқа да шығындар 2,37 миллиард теңгені болды.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды болды. Оның ішінде теңгеге номинирленгендері бойынша орташа табыстылық - жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада - жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарай теңгеге  номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында - жылдық 4,4 пайызды болды.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды болды.  

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 1 506,00 миллиард теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі 15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңде жалпы сомасы 158,97 миллиард теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды болды.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі - 67,61 пайыз, АҚШ долларында - 31,97 пайыз, басқа валюталарда - 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети