1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Bloomberg 2016 жылдың ең тиімді валютасын атады16 сәуір 2016, 11:19

© finansovyesovety.ru © finansovyesovety.ru

Bloomberg экономикалық агенттігі 2016 жылдың ең тиімді валютасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік сарапшылары ең тиімді валютаның замбиялық квача екенін анықтады. Басылым сарапшыларының бағалауы бойынша, квача өсім қарқыны жағынан әлемнің өзге 150 валютасынан озық шықты. Африкада мыс өндірісі бойынша екінші орынға ие Замбияның ұлттық ақша бірлігі жыл басынан бері долларға қатысты 19,9 пайызға өсті. Салыстыра кетсек, алтын 16,3 пайызға қымбаттады.

Бұл өсім мыс бағасының көтерілуіне байланысты болды. Сонымен қатар, өткен жылы замбиялық валюта 2015 жылдың ең нашар валюталарының үштігіне кіріп, 42 пайызға құлдырады, алайда қазіргі таңда экономистер оның "кері серпілісін" бақылап, алдағы уақытта да оның бірнеше пайызға өсетінін болжап отыр.


Алматыда митинг өтті