11 қыркүйек 2015 15:59

Доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Доллар бағамы 11 қыркүйектегі KASE күндізгі сессиясында 258,48 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл рекордты көрсеткіш. Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өскен болатын.

Жалғасы

Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Бірінші сауда 254,5 теңгемен жасалды. Ең жоғарғы баға - 268 теңге, ал ең төменгісі - 254. Сауданың жалпы көлемі 74,9 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары сағат 15.40-тағы жағдай бойынша, валютаны 267 теңгемен сатуды бастады. Осы уақытта Қазком мен Qazaq Banki сайтында долларды сату бағамы 270 теңгеден асты. AsiaCredit Bank долларды 268 теңгеге сатып алуды ұсынып отыр. Центкредит - 266. Еуразиялық банк 261,4 теңге бағамын қойды.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети