Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр

12 Қараша 2015, 11:37
4
Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 306,57 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәл осы деңгейде шетел валютасы үш күннен бері тұр. Айта кетейік, доллар 10 қараша күні таңғы сессияда 306,74 теңгеге тең болған еді.

2015 жылдың 12 қарашасында таңғы сессияның алғашқы келісімі 306,6 теңгемен басталды. Ең минималды баға 306,55 теңге болды. Ең жоғарысы - 306,77 теңге. Сауда көлемі 36,3 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Доллар ақша айырбастау орындарында 305,5-308,8 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай