18 қыркүйек 2015 16:15

Доллар қайта қымбаттай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Доллар бағамы 18 қыркүйекте KASE күндізгі сессиясында 275,75 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Доллар бағамы 18 қыркүйекте KASE күндізгі сессиясында 275,75 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші сауда 273,5 теңгемен жасалды, ең төменгі баға да осы. Ал ең жоғарғы баға 279,5 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 94,9 миллион доллардан асты. Саудаға барлығы валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады.

"Валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операциялары себепші болған теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығының өсуіне байланысты, іргелі макроэкономикалық факторлардың объективті және елеулі өзгеруінің болмауы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады. Ұлттық банктің валюталық өктемдігінің көлемі биыл 16 қыркүйекте 144 миллион долларды құрады", - деген мәлімдеме жасады Ұлттық банктегілер.

Сонымен қатар, доллар бағамы Ұлттық банк интервенция жүргізуге шешім қабылдағаннан кейін 270,11 теңгеге дейін төмендеді және бұл бағамда екі күн бойы аса қатты өзгеріс болған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети