31 желтоқсан 2015 11:17

Доллардың бағасы шарықтап барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 340,01 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Шетел валютасы 30 желтоқсандағы күндізгі сауда көрсеткішінен жоғары болды, ол кезде бір доллар 338,64 теңгеге бағаланған еді.

Таңғы сессияда алғашқы келісім 339,60 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға да осы. Ал ең жоғары баға 340,50 теңгеге тең болды. Сауданың жалпы көлемі - 109,5 миллион доллар. Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Kurs.kz мәліметтері бойынша, ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 342-344 теңгеге сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда доллар бағамының тарихи антирекорды орнап, шетел валютасы 349,12 теңгеге бағаланды. Осыдан кейін баға күрт құлдырап, бағам 345,53 теңге болды және 22 желтоқсан күні таңертең ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатын өткізіп, ұлттық валюта бағамы тұрақтана түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети