26 наурыз 2015 12:47

Долларға деген сұраныс құлдырап барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Әлемдік нарықта долларға деген сұраныс құлдырап барады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне PROFIT Group компаниясының сараптама департаментінің басшысы Глеб Задоя хабарлады. Айта кетейік, Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы әзірше 185,5 белгісін ұстап тұр.


Әлемдік нарықта долларға деген сұраныс құлдырап барады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне PROFIT Group компаниясының сараптама департаментінің басшысы Глеб Задоя хабарлады. Айта кетейік, Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы әзірше 185,5 белгісін ұстап тұр.

Сарапшының айтуынша, қазір доллар мен еуроға шаққанда рубль қымбаттап келеді. Задояның сөзіне қарағанда, рубльдің нығаюына мұнай бағасының өсуі және халық арасында шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендеуі себепші болды. "Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда валютаға деген сұраныс қаңтар айында 1,9-3,3 есеге азайып, 2007 жылдан бері ең төменгі мәніне жетті. Бұл дегеніміз, алыпсатарлардың нарықтан кетіп, ұзақ мерзімді инвесторлардың өз жинақтарының басым бөлігін өткен жылы-ақ шетелдік валютаға ауыстырып қойды дегенді білдіреді", - деді Задоя.

Айта кетейік, ресейлік валюта 57,00 белгісінен сәл төмен бағаға тұрақтады. Доллар/рубль жұбы мұндай деңгейде 2015 жылдың ең басында ғана болған еді. Өз кезегінде, Forex Club компаниялар тобының сарапшылары қазір рубльге қолдау көрсетуші ең негізгі фактордың рубльдің өтімділігіне сұранысты ұлғайтатын Ресейдегі салық кезеңі екенін айтты. Сонымен қатар, бұған әлемдік нарықтағы долларға деген сұраныстың азаюы да әсер етіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл жұп 55-56,00 деңгейіне дейін төмендеп, егер мұнай бағасының артуына тағы да талпыныс болатын болса, рубльдің нығаюы шапшаңдай береді.

PROFIT Group компаниясындағылар, Brent маркалы мұнай бағасының өсіп келе жатқанын хабарлады. Brent маркалы "қара алтынның" әр баррелі 25 наурызда 56 доллардан жоғары бағада сатылды. Сарапшылардың болжауынша, өсімнің алдағы мақсаты әр баррельдің бағасын 60-62 доллар белгісіне жеткізу. "Бұған Сауд Арабиясының Йеменмен шекарасына Иранға қарсы тұру үшін ауыр артиллериясын топтастыруы себеп болды. Мұнай экспорттаушы елдер арасындағы кез келген қарулы қақтығыс оның бағасының артуына алып келеді. Алайда трендтің жаһандық таралуы туралы талқылаудың әзірше қажеті жоқ, себебі мұнайға деген сұраныс ұсынысқа қарағанда әлі де төмен. Сауд Арабиясы мұнай экспорттаушы елдермен энергоресурс нарығын бөліспейтінін нақты түсіндіріп берді. Сондықтан, бірінші жарты жылдықта мұнайдың әр баррелі 46-дан 62 долларға дейін тұруы мүмкін. Егер баррель бағасының өсімі 62 долларға дейін жетсе, рубльдің долларға шаққанда бағамы 50-55-ке дейін көтеріле алады", - деді Задоя.

Дегенмен, сарапшылар рубль әлсіреуінің жалпы әлемдік үрдісі әлі де сынған жоқ деп есептейді. "Мұнай бағасының артуы рубльді біраз уақыт нығайта алады, бірақ одан кейін жаңа құлдыраушылық пайда болып, рубльдің долларға шаққандағы бағамы 60-65 шамасында болуы мүмкін", - деді Задоя. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети