17 қаңтар 2020 13:09

Еліміздің жоғарғы оқу орындарында әр он студенттің жетеуі ақылы білім алады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздің жоғарғы оқу орындарында он студенттің жетеуі ақылы білім алады. Жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі бір жылда 10 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 


Еліміздің жоғарғы оқу орындарында он студенттің жетеуі ақылы білім алады. Жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі бір жылда 10 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Республикада 2019/2020 оқу жылының басына 125 жоғары оқу орны жұмыс істедіолардың 84-і немесе 67,2 пайызы жекеменшік. Жоғары оқу орындарының басым бөлігі еліміздің үш маңызды мегаполисінде орналасқан: Алматы (41 ЖОО), Нұр-Cұлтан (15 ЖОО), Шымкент (10 ЖОО).

Ал студенттердің жалпы саны 604,3 мың адам - өткен оқу жылына қарағанда 11,4 пайызға артық (542,5 мың адам). Оның ішінде әйел адамдардың үлесі - 321,6 мың адам немесе 53,2 пайыз.

Студенттердің 79,6 пайызы күндізгі бөлімде; 14,9 пайызы сырттай, 5,5 пайызы кешкі бөлімде оқиды, бұл ретте барлық студенттің 39,9 пайызы мемлекеттік ЖОО-да оқиды.

Мемлекеттік білім гранттары есебінен оқитын студенттер саны 180,1 мың адам (29,8 пайыз), ақылы негізде оқитындар - 424,3 мың адам (70,2 пайыз).

Ағымдағы оқу жылының басында республиканың жоғары оқу орындарында 38,5 мың мұғалім жұмыс істеді, оның 3,3 мыңында (8,5 пайыз) ғылым докторы дәрежесі бар, 12,7 мыңында (33,1 пайыз) ғылым кандидаты дәрежесі, 2,5 мыңында (6,4 пайыз) профессор атағы, 5,9 мыңында (15,3 пайыз) доцент дәрежесі болды.

2,6 мың оқытушыда (6,8 пайыз) философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі, 235 адамда (0,6 пайыз) бейіні бойынша доктор, 13 мың оқытушыда (33,8 пайыз) магистр академиялық дәрежесі болды.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі 229,5 миллиард теңге болды, көрсеткіш бір жылда 10,8 пайызға артқан. 2018 жылдың осы кезеңінде бұл сома 207,1 миллиад теңгені көрсеткен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети