09 қазан 2018 16:39

Ең төменгі жалақыны көтеру: Қазақстандықтар не күтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халыққа жолдауы кезінде қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге көтеруді тапсырды. Экономист Ерлан Ибрагим Теngrinews.kz тілшісіне ең төменгі жалақы көтерілсе халықта қандай мүмкіндік болатыны туралы айтып берді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халыққа жолдауы кезінде қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге көтеруді тапсырды. Экономист Ерлан Ибрагим Теngrinews.kz тілшісіне ең төменгі жалақы көтерілсе халықта қандай мүмкіндік болатыны туралы айтып берді.

"Менің ойымша, жағымды тұсы ол (ең төменгі жалақының көтерілуі) нарыққа түрткі береді, яғни, тауар мен қызмет сұранысы артады, сауда мен тауар айналымы жоғарылайды. Тағы бір жағымды тұсы, адамдарда артық ақша болып, жинақтай бастайды", - деді Ерлан Ибрагимов.

Спикердің ойынша, жалақы көтерілетін болса адамдар бұрынғыдан гөрі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге сирек алаңдайтын болады.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбекақысы олардың кіріс деңгейінің сәйкес келмеуіне байланысты көтерілетін болады.

"Жалақыны көтеру - жалақыны жеткізуге талпыну. Бұрыннан айтылып келеді, бюджет саласындағылардың жалақысы төмен. Ауруханадағы санитарлар 40 мың алады. 40 мың деген не ол, Алматыда коммуналдық қызметтің өзі 20-30 мың теңге шығады. Транспортқа кететін шығынды есептесек, тым аз қалады. Атырау, Маңғыстау облыстарында Алматыға қарағанда баға жоғарырақ. Сондықтан жалақы шығын көлеміне қарай көтеріледі. Мұғалім мамандығы тартымды болу үшін, жұмыс істеп жүрген ұстаздар кетпеу үшін ол қажет (жалақыны көтеру), себебі жыл өткен сайын жақсы мұғалімдер азайып барады", - деді Ерлан Ибрагимов.

Сонымен қатар, экономистің айтуынша, жұмыс берушілер жалақыны көтеруге бюджеті болу үшін шұғыл түрде жағдай жасауы керек.

"Менің ойымша, бюджет жыл басында реттелген. Осының барлығын қосып, бюджетті түзеу керек, онсыз да уақыт көп емес. Сондықтан тиісті шараларды қолға алып, бюджетті кеңейтуге қосымша мүмкіндіктерді іздестіруі керек", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, Ибрагимовтың ойынша, жалақы көтерілсе тауар мен қызметтің ақысы да көтерілуі мүмкін.

"Бұрынғы тәжірибеге қарасақ, кірістің кезекті рет артуы әрдайым бағаның көтерілуіне алып келеді. Біздегі ақиқат мынадай: көптеген саудагер күтіп отырып, алдын орайды, бағаны көтере бастайды. Бұл жерде де жасырын салдар бар шығар: егер табыс артса ақшаны көп жұмсайды деп топшылайтын адамдар. Сұраныстың артуы бағаның көтерілуіне алып келеді", - деді экономист.

5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге - 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеруді үкіметке тапсырды. Бұл дегеніміз, барлық сала бойынша, меншік иесінің барлық формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,3 миллион адамның жалақысы көтеріледі дегенді білдіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети