31 шілде 2018 15:46

Жақыпова көлік пен пәтерді сатудан түскен ақшадан зейнетақы жарнасын ұстамауға сөз берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардан пәтер мен көлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы жарнасының ұсталмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардан пәтер мен көлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы жарнасының ұсталмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әрдайым ашық (...) Біздің қоғамда дұрыс хабарлап, дұрыс пікір қалдырып, дұрыс түсіндіруді әдетке айналдыру керек... Әлеуметтік желіні қарап отырсаң, адамдар пәтер мен көлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы жарнасын ұстайды екен деп жазып жатыр. Мүлде олай емес. Ол табыстан зейнетақы жарнасы ұсталмайды", - деді Жақыпова брифинг барысында. 

Оның айтуынша, шарт бойынша жұмыс немесе қызмет түрін көрсетіп, сол арқылы табыс тапқанда ғана зейнетақы жарнасы ұсталады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру заңына енгізілген жаңа өзгерістердің қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЖЗҚ-ға беруге міндеттегені туралы ақпарат тараған болатын. Осыдан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова заңдағы өзгерістерді түсіндірді. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов мәлімдеме жасап, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның нормаларын түсіндірулерге қатысты проблеманы түзетулердің үкімет қаулысына дер кезінде енгізілмегенімен байланыстырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети