31 желтоқсан 2019 11:42

Жыл басынан бері қанша салық төлеушіге рақымшылық жасалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қаржы министрлігі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың 11 айында салық рақымшылығы шарасын 592 725 салық төлеуші пайдаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар 27,6 миллиард теңге көлеміндегі берешек сомасын төлеп, 7,8 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылды. 


ҚР Қаржы министрлігі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың 11 айында салық рақымшылығы шарасын 592 725 салық төлеуші пайдаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар 27,6 миллиард теңге көлеміндегі берешек сомасын төлеп, 7,8 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылды. 

Атап айтқанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден 43 838 салық төлеуші 15 миллиард теңге берешегін төлеп, 5,5 миллиард теңгеге өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды. Оның ішінде: 31 196 кәсіпкердің 1 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды; 12 642 кәсіпорын бойынша 4,5 миллиард теңгеге өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды.

Қазақстанда салық рақымшылығы басталды. Не білу керек?

Ал жеке тұлғалардан 548 970 салық төлеуші 12,6 миллиард теңге берешегін өтеп, 2,3 миллиард теңгеге өсімпұлдар есептен шығарылды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп төленбеген салық мөлшері құрылыс саласында болды. Ол 64,3 миллиард теңгені немесе - 31 пайыз. 

Өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек сомасы Алматы қаласына тиесілі болды, бұл қала тұрғындарының салық бойынша берешегі 46,8 миллиард теңгені немесе - 22,2 пайыз. 

Ал салық түрлері бойынша ең көп берешек қосылған құн салығына тиесілі - ол 93,6 миллиард теңгені немесе - 44,3 пайыз, одан кейін корпоративті табыс салығы бойынша берешек 90 миллиард теңгені немесе - 42,8 пайыз

Кәсіпкерлерді Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар ету, атап айтқанда, салық рақымшылығы шараларын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Салық төлеушінің электрондық кабинетіне рақымшылықта қатысатын хабарлама жолданды, ұялы байланыс операторымен SMS хабарлама жіберілді. 

Салық рақымшылығына кімдер ілікпейді?

Сонымен қатар жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Актау, Атырау, Маңғыстау, Орал, Шымкент, Өскемен қалаларында Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілді. БАҚ өкілдері үшін брифингтер өткізіліп, телеарна мен радиода сұхбат берілді. 

Ал әлеуметтік желілерде, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында жүргізіліп жатқан рақымшылық шаралары туралы ақпарат орналастырылып, оны пайдаланған салық төлеушілер саны мен рақымшылықтың аяқталуына қалған күндер туралы хабардар ететін «есептегіш» жүргізіліп отырды. 

Жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы қалай жүргізілді?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети