21 тамыз 2015 10:51

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар - 253 теңге

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 253 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 10:15-те бағам 252,5 теңге болса, 10.30-да 252,92 теңгеге көтерілді.

Еске сала кетейік, 20 тамыздағы KASE қор биржасының кешкі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 252,26 теңгеге тең болған еді. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар болды.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети