10 қараша 2015 11:19

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 306,74 теңге болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 10 қарашасында KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 306,74 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше кешкі сессияда доллар 307,87 теңге болған еді.


2015 жылдың 10 қарашасында KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 306,74 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше кешкі сессияда доллар 307,87 теңге болған еді.

Таңғы сессияда алғашқы келісім 306,9 теңгемен басталды. Ең төменгі баға - 305,2 теңге, жоғарысы - 307,35 теңге. Сауда көлемі 31 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 305-308 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети