26 мамыр 2016 11:15

KASE: Ұлттық валюта бағамы 333,07-ге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 333,07-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.


KASE таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 333,07-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.

26 мамырдағы таңғы сессияның алғашқы саудасы 334,95 теңгемен өтті. Ең төменгі келісім 332,93 теңгемен жасалды, жоғарысы 334,95 теңгеге жетті. Сауда көлемі 83,8 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 330-334 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңертең Brent маркалы мұнайдың баррель құны 2015 жылдың 4 қарашасынан бері алғаш рет 50 долларға дейін көтерілген болатын. Астана уақыты бойынша сағат 8.21-де бұл көрсеткіш 50,05 долларды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети