29 сәуір 2015 14:14

Қазақстан Чернобыль атом электр станциясындағы жобаларға миллион евро бөлетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© analitika.kz © analitika.kz

Қазақстан Чернобыль атом электр станциясындағы жобаларға миллион евро бөлетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы кеше, 28 сәуірде Киевте өткен Украинаны қолдау туралы халықаралық конференция барысында мәлім болды.


Қазақстан Чернобыль атом электр станциясындағы жобаларға миллион евро бөлетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы кеше, 28 сәуірде Киевте өткен Украинаны қолдау туралы халықаралық конференция барысында мәлім болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға қатысқан қазақстандық делегацияны экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова басқарды. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы екіжақты қатынастар дәстүрлі достас және өзара құрметпен, ізгі ниеттілігімен ерекшеленеді. Екі ел арасындағы серіктестіктің нығаюы мен дамуына Елбасылар Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың кездесулері мен келіссөздері зор ықпал етті.

"2014 жылы 22 желтоқсанда Киевке сапарының нәтижелері бойынша, Елбасымен украиналық тараппен сауда-экономикалық ықпалдастықты белсендіру міндеті қойылды. Сол себепті бүгін біз қазақстан-украиналық Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. МАК отырыстары барысында 2015-2016 жылдарға Қазақстан-Украина іс-қимылдар жоспарының жобасын талқылау көзделген, онда екі ел арасында отын-энергетикалық, агроөндірістік кешендерінде, көлік, ғылым, білім және басқа салаларда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған", - деді ол.

Айтжанованың сөзіне қарағанда, Украинада қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге уәде беріп, айтқан сөзінде тұрды. Биыл 10 қаңтарда Северодонецк қаласында қазақстандық гуманитарлық көмек украиналық тарапқа 70 миллион теңгеге азық-түлік түрінде табысталған. Сонымен қатар, Украина оңтүстік-шығыс өңірінің гуманитарлық қажеттіліктеріне Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы 30 мың доллар шамасында қаржылық көмек жіберілді.

"Қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің жаңа жобасын жасағалы жатырмыз. Қазақстан Үкіметі "Укрытие" Чернобыль қорын қаржылай қолдау көрсетуге және Чернобыль Атом электр станциясындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион евро сомасында үлесін беруге шешім қабылдады", - деп мәлімдеді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети