08 шілде 2018 14:50

Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құрып жатыр - Германия сарапшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qazaqtimes.com © qazaqtimes.com

"Астана" халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімін Германияның бизнес ортасы жіті бақылап отырды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.


"Астана" халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімін Германияның бизнес ортасы жіті бақылап отырды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Себебі неміс банктері мен инвесторлары қаржы орталығымен серіктестік орнатуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунер мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржы ортылығы инвестиция өсіміне айтарлықтай әсер етеді.

"Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құрып жатыр. Бұл инвестиция көлемінің арттырады деген сөз. Неміс тарапы жағынан банктер де, инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Біз АХҚО-ның өкілдерімен Германияда, содан соң Қазақстанда кездестік. Жалпы "Астана" қаржы орталығы ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейді. Бұл Англия үлгісінде инвестиция жасауға мүмкіндік береді", - деді Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети