29 сәуір 2014 | 13:37

Қазақстан шетелдік инвесторларға қосымша жеңілдіктер береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz сайтынан Фото primeminister.kz сайтынан

Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында шетелдік инвесторларға қолдау жасаудың қосымша шаралары қаралды. Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев аталған шаралар туралы тәптіштеп айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz


Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында шетелдік инвесторларға қолдау жасаудың қосымша шаралары қаралды. Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев аталған шаралар туралы тәптіштеп айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа ұсыныстардың арқасында елімізге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға болады. Біріншіден, қандай да бір нысанды іске қосқаннан кейін қаржы шығындарының 30 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс салығынан босатылады. Ал ұлттық холдингтер мен мемлекеттік мекемелер инвесторлардың тауарларына ұзақ мерзіміді тапсырыстар беруі тиіс. Екіншіден, салық, көші-қон және экология саласында нақты тарифтер енгізілуі шарт. Үшіншіден, индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвестиция комитеті тікелей инвесторлармен жұмыс істеп, рұқсат қағаздары мен қажетті ақпаратты беріп отырады.Сөйтіп, инвесторлармен жұмыс істеудің "бір терезе" қағидаты енгізілмек. Төртіншіден, энергия көздері мен тауар тасымалына кететін шығындардың бір бөлігін мемлекет өтеп отырады. Бесіншіден, жобаны іске асыру барысында шетелдік еңбек күшін тартуға сондай-ақ нысанды пайдалануға бергеннен кейін бір жыл бойы шетел мамандарын үкіметтік квотаға (шетел мамандарының санын ел Үкіметі бекітеді - авт.) қарамай, шақырта беруге рұқсат етуі әбден мүмкін.

"Бұдан бөлек, дамыған мемлекеттердің азаматтары үшін визасыз 90 тәулікке дейін Қазақстанда жүруге рұқсат беру ұсынылып отыр. Біздіңше, ондай жеңілдікті Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып жатқан ірі инвесторларға беру керек. Сосын шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мерзімін ұзарту мен инвесторлардың құқығын қорғайтын омбудсменді енгізу мәселесі қаралды. Үкімет бұның барлығын қолдап отыр", - деп атап көрсетті Е.Досаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети