Қазақстанда ақша аударымын тәулік бойы жүргізетін орталық пайда болды

12 Мамыр 2015, 10:34
0
Қазақстанда ақша аударымын тәулік бойы жүргізетін орталық пайда болды - © Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Қазақстанда ақша аударымын тәулік бойы жүргізетін орталық ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай орталықты "Қазпошта" АҚ ашып отыр.

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тәулік бойы жұмыс істейтін ақша аударымдары орталығы №17 үлгілі пошталық байланыс бөлімшесінің негізінде іске қосылды. Ақша аударымдар орталығы 24/7 форматында жұмыс істеп, Salem, tenge! жедел ақша аударымдарын, мемлекет ішіндегі пошталық аударымдарды, халықаралық аударымдарды және Western Union жүйесі бойынша аударымдарды жүзеге асырады. Сонымен қатар, клиенттер валютаны айырбастап, коммуналдық, салық және басқа да төлемдерді жүзеге асыру қызметін пайдалана алады.

"Бұл пилоттық жоба болғандықтан, қазір тәулік бойы тек бір ғана оператор жұмыс істейді, бірақ келешекте біз клиенттер үшін төрт операторлық терезені іске қосуды жоспарлаймыз. Ақша аударымдар орталығы техникалық үзілістермен қызмет атқаратын болады, олар сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін және 23.45-тен 00.15-ке дейін", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда №17 үлгілі бөлімше жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп, клиенттерді пошталық және банктық қызметтермен толық қамтамасыз етіп, электрондық кезек пен тәулік бойы ашық тұратын, оның ішінде банкомат, төлем терминалдары және постаматы бар POST 24 атты автоматтандырылған зонамен жабдықталған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай