09 наурыз 2016 15:41

Қазақстанда ақша айырбастау пункттері демалыс күндері бағамды өздері белгілей алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2016 жылдың 22 наурызынан бастап "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулы күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына" қатысты нормаларды жыл соңына дейін тоқтата тұру туралы айтылған. "Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тоқтатыла тұрсын", - делінген құжатта.

Яғни, айырбас пункттері валюта нарығындағы өзгерістерге байланысты демалыс және мереке күндері бағамды өзгерте алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети