22 маусым 2015 15:53

Қазақстанда ақшасын теңгемен сақтайтындар азайып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда ақшасын теңгемен сақтайтындар азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда ақшасын теңгемен сақтайтындар азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы сәуір айының соңындағы жағдай бойынша, халықтың банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 4 297,1 миллиард теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттер - 1 324,9 миллиард теңге, ал шетел валютасындағы депозиттер 2 972,2 миллиард теңге болды. Демек, халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы - 30,8 пайыз. Айта кетейік, наурыз айындағы көрсеткіш бойынша, халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 32,5 пайыз болған еді.

"Мерзімді депозиттер 7 769,7 миллиард теңге болды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен салынған депозиттер 3 097,2 миллиард теңгені, шетел валютасындағы депозиттер 4 672,5 миллиард теңгені құрады. 2015 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттерінің орташа алынған мөлшерлемесі 10,7 пайыз, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,2 пайыз болды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жыл басында Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов халықтың ұлттық валютаға деген сенімін арттыру үшін жасалатын шаралар туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, 2014 жылдың соңындағы Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесінде депозит салымшыларының 10 миллион теңгеге дейінгі жинағына мемлекет кепілдік беретіні туралы жазылған. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети