02 ақпан 2017 17:25

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 835 теңге

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарындағы ең төменгі күнкөрістің деңгейі 21 835 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрілігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 теңге болған. Олардың 13 101 теңгесі тағам өнімдеріне жұмсалса, қалған 8 734 теңге басқа да қажеттіліктерге және ақылы қызметтерге жұмсалған.

Комитеттің мәліметінше, халықтың басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,8 пайыз, жемістер мен көкөністер 9,8 пайыз, нан және жарма өнімдері - 8,7 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер -  2,7 пайыз болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети