Қазақстанда карточкамен төлем жасаушылар артып келеді

05 Мамыр 2015, 10:41
0
Қазақстанда карточкамен төлем жасаушылар артып келеді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда карточкамен төлем жасаушылар артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, биыл наурызда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасаған транзакцияларының көлемі 666 миллиард теңге болды. Бұл көрсеткіш  2014 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 13,8 пайызға жоғары.

"2015 жылғы наурыз айында транзакциялар саны 23,1 миллион транзакция болды және 2014 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 16,9 пайызға ұлғайды. Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар және банкоматтар арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, банктер 16,8 миллион төлем карточкасын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны - 14,8 миллион адам. Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып отыр, олардың үлесі - 77,3 пайыз, кредиттік карточкалардың үлесі - 16,9 пайыз. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесі - 1,7 және 4,1 пайыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қолма-қол ақшасыз сауда жасау кезінде комиссия алмаудың ұсынылғаны хабарланған еді. Ол кезде Қаржы министрілігі мемлекеттік кіріс комитетінің бақылау департаменті директоры Ерлан Нұрланбаев "ҚР Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шараларының жоспары шеңберінде Ұлттық банк адресіне POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде алынатын комиссияның көлемін азайту туралы бірнеше мәрте ұсыныс келіп түсті", - деген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай