08 шілде 2014 14:39

Қазақстанда орташа жалақы көлемі - 100 мың теңге

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда орташа жалақы көлемі 100 мың теңге шамасында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап. Зерттеушілер еліміздегі жұмыс берушілер жиі ұсынатын жалақы мөлшері диапазонын анықтады.


Қазақстанда орташа жалақы көлемі 100 мың теңге шамасында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап. Зерттеушілер еліміздегі жұмыс берушілер жиі ұсынатын жалақы мөлшері диапазонын анықтады.

2014 жылдың маусым айында вакансия хабарландыруларының жартысына жуығында (48,8%) 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі жалақы шамасы көрсетілген. Әрбір бесінші вакансияда (20,7%) еңбекақы мөлшері - 200-300 мың теңге. Тағы осынша бос жұмыс орны 100 мың теңге жалақымен ұсынылған. Жұмыс берушілер ұсынған вакансиялардың 8,1%-ының жалақысы - жарты миллион теңге шамасында. Вакансиялардың тағы 2,8%-ы бойынша жұмыс берушілер 500 мың теңгеден асатын жалақы ұсынып отыр.

"2014 жылдың маусым айында жалақыға қатысты ұсыныстардың орта шамасы 105 600 теңге көлемінде болды. Жаз мезгілінде маусымдық және уақытша вакансиялар көбейеді, олардың жалақысы көбіне тәулік не маусым бойынша төленеді, әрбір бесінші ұсыныс бойынша жалақы мөлшері 100 мың теңгеге дейін барады", - дейді HeadHunter компаниясының маркетинг және PR жөніндегі директоры Әсел Беженова.

HeadHunter-дің мәліметінше, зерттеу барысында 12 493 ұсынысқа талдау жасалған, олардың 6266-сында жалақы мөлшері көрсетілген. Айта кетейік, ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда 2014 жылдың мамыр айында орташа жалақы көлемі 120 479 теңге болды, наурыз айында елімізде жалақы 12%-ға көбейген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети