31 тамыз 2017 11:14

Қазақстанда шай мен кофе қымбаттағанына қарамастан, сұраныс артып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір жыл ішінде шай-кофе тауарларының бағасы едәуір өскен, алайда бұл сұранысқа кері әсерін берген жоқ, - деп хабарлайды Energyprom.kz


Қазақстанда бір жыл ішінде шай-кофе тауарларының бағасы едәуір өскен, алайда бұл сұранысқа кері әсерін берген жоқ, - деп хабарлайды Energyprom.kz

Сонымен кофе/шай бағасының құны 16 пайызға өскен, сонымен қатар сатылымда 15 пайызға өсті.

Мамандардың мәліметінше, ҚР-ға жарты жыл ішінде 17,2 мың тонна шай 62,8 миллион АҚШ долларына импортталған. 

Тамызда шай бағасы 0,1 пайызға өсіп, ай соңында бір келі шай бағасы 2,9 мың теңге болды. 

Шайға ең қымбат бағаны Қостанай тұрғындары төлейді (бір келіге 3,3 мың теңге төлейді, бір жылда + 27,1 пайыз), Алматы тұрғындары (бір келіге 3,3 мың теңге төлейді, бір жылда + 0,6 пайыз) және Астана (бір келіге 3,1 мың теңге төлейді, бір жылда + 17,8 пайыз).

Шай-кофе тауары 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында 10,8 мың тонна өндірілген, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға өскен. 

Көпжылдық сараптама бойынша кері көрсеткіш байқалады: 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы шай-кофе тауарларын өндіру 9,8 пайызға төмендеген. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 2,1 пайызға төмендеген. 

Жалпы алғанда, орта есеппен бір қазақстандық жарты жылда 1,6 келі шай және кофе тұтынады екен.

Жарты жылда Қазақстанға 62,67 миллион АҚШ долларына 17,22 мың тоннан шәй әкелген (+17,2 пайыз өткен жылмен салыстырғанда).

Қазақстанға шәй негізінен - Кения (6,97 мың тонна 25,5 миллион долларға), Үндістан (6,92 мың тонна 22,86 миллион долларға) және Ресейден (1,74 мың тонна 10,25 миллон долларға) келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети