Қазақстандықтар арзан көлік алу үшін Ресейге ағыла бастады

13 Тамыз 2015, 09:23
0
Қазақстандықтар арзан көлік алу үшін Ресейге ағыла бастады - © Lenta.ru
© Lenta.ru

Рубльдің құнсыздануынан арзан көлік алу үшін көрші мемлекетке ағылған тұрғындар көбейді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, рубльдің құнсыздануы әсіресе оралдықтар үшін оңтайлы болып отыр. Ресей валютасы арзандаған соңғы бір апта көлемінде бағасы қолжетімді көлік алу үшін көрші мемлекетке ағылған тұрғындар көбейді. 

Сырттан жеткізілген көліктерді есепке алып, құжатын реттейтін мамандардың дерегінше, қазір Оралда күн сайын жүзге тарта темір тұлпар тіркеуге алынады. Айта кету керек, олардың ішінде қылмысқа қатысы бар, арнайы техникалық номері өзгертілген көліктер де кездескен көрінеді. Ал көлігін жаңалап, қуанышы қойнына сыймай жүрген жүргізушілер құжаттарын тездетіп реттеуге асығады.

Еске салайық, мұндай құбылыс былтырғы қараша-желтоқсан айларында қызу қарқын алған болатын. Тіпті сырттан әкелінген көліктердің көптігінен Оралда мемлекеттік номер таусылып қалған оқиғалар да кездесіпті. Дегенмен, көлік тасушылар нөпірі былтырғыдай көп емес. Бұған Қазақстан жағынан көліктің техникалық жағдайына қатысты қойылатын талаптардың күшеюі себеп болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай