Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда салуды өздері таңдауы мүмкін

08 Шілде 2015, 15:08
0
© yk-news.kz
© yk-news.kz

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда салуды өздері таңдауы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz. Мұндай мүмкіндікті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағылар ойластырып жатыр.

Порталдың мәліметінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық саясаты түбегейлі өзгеруі мүмкін. Ал жалпы инвестициялық қоржынды таңдау мәселесі бұрыннан бері талқыланып келеді.

"Мынаны дұрыс түсіну керек, мемлекет қамқор ата-ана сияқты, өз азаматтары туралы ойлайды. Мысалы, басқыншылық қоржынын құру дегеніміз жоғары кіріс дегенді білдіреді, бірақ қауіп те жоғары. ҚР азаматы пайда қуып, алдағы уақытта тіршілігіне қажетті қаржысыз қалуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде барлық механизм мен инвестициялаудың шарттарын толық зерттеу керек болады", - деді қордың өңірлік желі басқармасы департаментінің директоры Сергей Гилев.

Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша, жинақтарды салу үшін салымшыларға үш түрлі нұсқа ұсынылады: сақтанымпаздық қоржыны, бірыңғай және басқыншылық қоржыны, олар қатер деңгейі мен болашақ кіріске байланысты болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай