24 тамыз 2016 11:29

Қазақстандықтардың басым бөлігі шілде айында доллар сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандықтарда шілде айында салымдарын көптеп долларландыру байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандықтарда шілде айында салымдарын көптеп долларландыру байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, шілде айында, 2016 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет халық банктердің және банктік емес ұйымдардың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын сатқаннан гөрі көбірек сатып алды. Сондай-ақ, шілдеде нетто-сатып алу сомасы (сатып алу минус сату) 284,2 миллион доллар болса, алдыңғы 5 айда нетто-сату көлемі жиынтығында 1 миллиард долларға жуық болған.

"Алдыңғы айлармен салыстырғанда шілдеде байқалған халықтың қолма-қол долларды сату көлемі азайған кезде оны сатып алу көлемінің ұлғаюы жазғы демалыс кезеңінде шетел валютасына деген дәстүрлі маусымдық артық сұранысқа байланысты. Бұл көрсеткіштердің осындай серпіні сондай-ақ алдыңғы жылдардың жаз айларында байқалды. Бұл ретте халықтың АҚШ долларына сұранысының көлемі 778,1 миллион долларды құрады. Ал  2005 жылдан бастап ең төменгі көрсеткіш шілде айында болды", - делінген хабарламада.

"Қазақстандағы салымдарды долларландыру қарқындары төмендеуде. Жыл басынан бастап алғашқы 7 айда ол 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғары 70 пайызға тең деңгейден 2016 жылғы шілдеде 58,8 пайызға дейін төмендеді. Оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 80 пайыздан 67,8 пайызға дейін төмендеді ", - деп хабарлады Ұлттық банкінің баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети