28 маусым 2017 09:53

Қазақстандықтардың долларға сұранысы мамырда 47 пайызға өскен - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл мамыр айында еңбек демалысы қарсаңында қазақстандықтар АҚШ долларларын жаппай сатып алып жатыр. Өткен айда айырбастау орындарында былтыр сәуір айымен салыстырғанда 47,2 пайызға көп доллар сатып алынған, - деп жазады Ranking.kz сарапшылары.

Мамандардың айтуынша, мұндай көрсеткіш қазақстандықтардың еңбек демалысына шығу маусымына байланысты болып отыр.

"Биыл бес ай ішінде еліміздегі ақша айырбастау орындарында 3,5 миллиард доллар сатып алынған. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,2 пайызға көп. Былтыр қазақстандықтар қаңтар-мамыр айлары арасында 3 миллиард доллар сатып алған болатын", - делінген зерттеуде.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, республикамыздың алты өңірінде халықтың доллларға деген жоғары сұранысы байқалады. 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Маңғыстау облысында доллар сатып алу көрсеткіші 54,3 пайызға өсіп, 65,5 миллион долларға жеткен.

Ал екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Өңірдегі көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 42,1 пайызға өскен. Долларды жаппай сатып алушылардың үштігін Алматы қаласы қорытындылап тұр. Алматылықтар былтырмен салыстырғанда долларды 27,4 пайызға көбірек сатып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети