24 маусым 2015 13:31

Қазақстандықтардың жалақысы 5 пайызға төмендеуі мүмкін - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмен зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң қабылданғаннан кейін қазақстандықтардың жалақысының төмендейтінін болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламенттің төменгі палата депутаттары "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын бірінші оқылым бойынша талқылады. Құжатты талқылау барысында депутат Азат Перуашев неден қауіптенетінін айтты.


Мәжілісмен зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң қабылданғаннан кейін қазақстандықтардың жалақысының төмендейтінін болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламенттің төменгі палата депутаттары "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын бірінші оқылым бойынша талқылады. Құжатты талқылау барысында депутат Азат Перуашев неден қауіптенетінін айтты.

"Бұл заң жобасында талқыланып отырған ұсыныстардың бірі - 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу. Әрине бұл белгілі бір бизнес-орта мен бизнес-қоғамдастығында жаңғырық тудырады. Біз "Ақ жол" партиясының фракциясы мұны талқылаймыз. Біздің бұл инновацияға қатысты түсінігіміз бір мағыналы емес делік. Бірақ солай бола тұра, мұндай күрделі жағдайда, яғни бұл жағдай мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалында болып жатқанда, мемлекеттік мүдде, бізді қолдаушы отандастарымыздың мүддесі, жұмысшылардың мүддесі жоғары болу тиіс деп түсінеміз. Сондықтан біз бұл шарамен келісуге мәжбүр боламыз, бірақ бүкіл экономикаға түсіп отырған жүктеменің белгілі бір үлесін мұндай күрделі кезеңде әрқайсымыз өзімізге алуды ескеру керекпіз", - деді депутаттарға Азат Перуашев.

Сонымен қатар, мәжілісмен заң жобасын әзірлегендер мен депутаттардың назарын тағы бір нәрсеге аудартты, оның ойынша, ол нәрсе нақты көрсетіліп жазылмаған. "Бізге қазір ғана министр (денсаулық сақтау және әлеуметтік даму - Тамара Дүйсенова - Авт.) түсіндіріп бергендей, енді ол бес пайыздың шегерілімі туралы қарастырылмайды. Тиісінше, біз бюджеттен 64 миллиард теңгенің жоғалауы мүмкін екенін есептеп қойдық. Мен бұл жерде нақты қандай кірістің есептелгенін білмеймін, бәлкім ТТК бойынша кірістер шығар. Біз мынаны түсінуіміз керек, 64 миллиард теңге - жалпы экономика үшін, ал нақты кәсіпкерлік үшін абстрактты цифр болады, ал цифр олардың күнкөріс пен тиімділігінің шегінде. (...) Осыған байланысты мен қазір не болатыны туралы мынадай болжам жасай аламын. Түсінесіздер ме, экономика - өте сезімтал материя және кез келген қарсылыққа жылдам әрекеттенеді. Бізде жалақы ресми түрде төмендей бастайды, ең кемі қызметкерлер үшін осы айтылған бес пайызға төмендейді. Жалақы көлеңкелілікке кете бастайды, яғни ол конвертпен беріледі. Жалақы ресми түрде бес пайызға төмендеген соң, жеке кіріс салығы бойынша да төмендеу болады. Ол есептелген бе? Жеке кіріс салығы бойынша жоғалту, меніңше, одан да көп болады. Сондықтан бюджетке түспейтін кірістің көлемі 64 миллиардтан да жоғары болады деген қауіп бар", - деп мәлімдеді Перуашев. 

Депутаттың айтуынша, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасын екінші оқылымға дейін тағы да кеңірек талқылау қажет. "Біз үкіметтен және заң жобасын әзірлеушілерден бұл жаңашылдықтың экономикаға қалай ықпал ететіні туралы мониторингті бақылап отыруды сұраймыз. Егер бюджет кірісі біз жоспарлағаннан да жоғары мөлшерде төмендегенін көретін болсақ, заңнамаға қайтіп келетін мүмкіндігіміз бар - егер ол қате болып шықса бұл тәсілді қайта қарап шығатын мүмкіндік", - деп сөзін аяқтады депутат, бірақ ол дегенмен бұл заң жобасын қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл заң жобасында базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. "Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыз мөлшерінде белгіленеді, 10 жылдан асқаннан кейін әр жылға мөлшері 2 пайызға ұлғаяды және өтілі кемінде 35 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады", - делінген заң жобасының қорытынды мәтінінде.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети