04 шілде 2016 15:42

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағындағы артық қаражатты қайтарып алуына рұқсат беруге болады - KASE басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға зейнет жасындағы өмірін қаматамасыз етуге қаражаты жетіп тұрса, зейнетақы жинағының артық қаржысын мерзімінен бұрын алуына рұқсат етуге болады. Мұндай ойды ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышевтың зейнет жасына жетпеспен зейнетақы жинағын мерзімінен алуға рұқсат беру туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға зейнет жасындағы өмірін қаматамасыз етуге қаражаты жетіп тұрса, зейнетақы жинағының артық қаржысын мерзімінен бұрын алуына рұқсат етуге болады. Мұндай ойды ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышевтың зейнет жасына жетпеспен зейнетақы жинағын мерзімінен алуға рұқсат беру туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың портфельдің бір бөлігін жеке компанияларға, әсіресе отандық компанияларға өткізу туралы тапсырмасы бар. "Қазіргі уақытта механизмді жетілдіріп жатырмыз. Түрлі жетекшілер БЖЗҚ қоятын міндеттерге байланысты стратегия жасар еді. Ересек салымшыларға консервативтеу, ал жастарға қауіптілеу стратегиялар. Зейнетақы жинағын қайтарып алу - осы жүйенің екінші кезеңі. Бұл үшін салымшының инвестициялық стратегияны өзі таңдауына құқығы болуы керек. Сол кезде ғана ол қандай басқарушыға өтетінін анықтайтын еді. Бұл салымшының жинақ мөлшеріне де қатысты. Модель диверсификацияланған болуы керек - стратегияны анықтауға және белгілі бір мөлшерден асқан қаражатты қайтарып алу мүмкіндігін беру", - деді Алдамберген.

Ол зейнетақы жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз ету мәселесі дегенді былай деп түсіндірді: "Зейнетақы қорында әр жеке тұлғада зейнетке шыққанында өмір сүруіне жететін қаражат жинағы болуы шарт. Ал осы мөлшерден асқан қаражатты қайтарып алуға немесе басқаруға беруге болады. Жүйенің параметрлерін қазіргі уақытта айта алмаймыз, себебі статистикалық мәліметтер қолымызда жоқ. Мұнда қажетті қаражаттың минималдық деңгейі анықталады, бұл минималдық зейнетақы мөлшері зейнетке шыққанда адамның өмір сүруін қамтамасыз ете алуы керек. Қанша болатыны - әр адам үшін әрқандай сома. Егер Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы мөлшерді есептеп берсе, тиімді деңгейін анықтайды", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін Олжас Құдайбергенов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етуді ұсынып, бұл қаражатты емделуге, білім беруге және ипотека төлеуге жұмсауға болатынын айтқан еді. Бұл үшін, оның айтуынша, қазақстандық зейнетақы жүйесін Сингапур жүйесіне негізделе отырып құру керек екен. Айтуынша, жүйенің Сингапур үлгісінде азаматтардың зейнетақы төлемі жалақының 30 пайызын құрайды. "Ол жақта әлеуметтік салықты алып тастады, міндетті медициналық сақтандыру жоқ, орташа жалақының жеке табыс салығы 2 пайызды құрайды, алайда зейнетақы төлемінің мөлшерлемесін 30 пайызға дейін көтерді. Оның 10 пайызы зейнетақыға жұмсалады, 10 пайызы тұрғын үй банкіне жұмсалады, кейін осы арқылы 2,5 пайызбен ипотекалық несие алуға болады және тағы 10 пайызы білім беруге, емделуге және қор биржасына инвестициялауға болады. Алайда қаражатты қолма-қол ақшаға айналыдыруға тыйым салынады", - деп түсіндірді жаңа жүйені Құдайбергенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети