21 шілде 2018 12:29

Қазақстаннан Америкаға барған жүк көлігінің жүргізушісі қанша жалақы алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Kolesa KZ © youtube/Kolesa KZ

"Иди заработай!" жобасының шеңберінде "Колеса" порталының тілшісі Роман Масленников АҚШ-қа жол тартып, Қазақстаннан барған алысқа қатынайтын жүргізуші Андреймен бірге бірнеше штатты аралап шықты.


"Иди заработай!" жобасының шеңберінде "Колеса" порталының тілшісі Роман Масленников АҚШ-қа жол тартып, Қазақстаннан барған алысқа қатынайтын жүргізуші Андреймен бірге бірнеше штатты аралап шықты.

Журналист Қазақстанның бұрынғы азаматына бірнеше сұрақ қойды. Басты сұрақ - Америкада трак жүргізушілері қандай жалақы алады?

Сюжетте АҚШ-тағы жүк көлігін жүргізушілердің қалай жұмыс істейтіні және қалай демалатыны айтылады. Сонымен қатар, еңбек қатынасы мен жалақы мәселесі. Түзу жолдар мен таза дәретханалар. "Бұл бір космос", - деді роликтің авторы.

Андрейдің айтуынша, оның Қазақстандағы соңғы рейсі 2007 жылы болған. Ол Литвадан көлік тасып, кейін мұхит асқан.

АҚШ-та жүргізушілер қанша жалақы алады деген сұраққа ол: "егер жай ғана компанияға жұмыс істейтін болсаң, аптасына 2-2,5 мың доллар "таза". Жүргізуші  - жүк көлігінің иесі ең кемі 100 пайызға артық. Біздің адамдар америкалықтардан көп табыс табады. Мұнда барлық жерде жүргізуші іздейді".

Кадрдағы эпизодтардың бірінен әйел адамды байқауға болады, ол да трак жүргізеді. АҚШ-та әрбір жиырмасыншы жүк көлігін әйел адам басқаратын көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети