24 қазан 2015 09:27

Келімбетов алдағы жылы доллар бағамының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы үш-бес айда валюталық бағамның тұрақталатынын айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сонымен қатар, ол қазақстандық банктерді мас жүргізушілермен салыстырып, экономиканың казинодағы ойын емес екендігін еске салды.

Ұлттық банк болжамынша, алдағы жылы доллар бағамы 250-270 теңге аралығында болады. Келімбетов бүгінгі курсты да тұрақты деп есептейді. Еліміздің бас банкирі қазақстандықтарды ұлттық валютаға сенуге шақырды.

Сонымен қатар, Келімбетовтің ойынша, еліміз еркін ауытқу бағамына дер кезінде өткен. Ол кей банктердің жаңа экономикалық саясатты қате қабылдағанын жеткізді.

"Доллар бағамы 300 теңге болғанда біз араласу керегін түсіндік. Бұл біздің міндетіміз. Бұл сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүргізушіні көрген полицей сияқты. Біз осы жол қозғалысының басты реттеушісіміз. Мұны істеуге біздің құқығымыз бар", - деді Келімбетов.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети