02 қазан 2014 13:38

Марченко: Қазақстан өз электронды ақшасын енгізуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко елде ұлттық төлем жүйесін енгізу керектігін айтты. Ол бұл жөнінде Lenta.ru сайтына сұхбат берді.


ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко елде ұлттық төлем жүйесін енгізу керектігін айтты. Ол бұл жөнінде Lenta.ru сайтына сұхбат берді.

Марченконың пікірінше, Кеден одағы елдері шетелдік төлем жүйесіне тәуелді, батыстың ірі корпорацияларының электронды ақшаны енгізуі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. "Apple Pay, Google Pay немесе Facebook Pay енгізілгенін елестетіңіз. Міне мәселе: Apple компаниясының техникасын қолданатын немесе Facebook-те бірнеше сағат отыратын қарапайым азамат қандай өнімді пайдаланады? Өзінің сүйікті Apple мен Facebook-ін бе? Әлде жергілікті банк жүйесінің өнімін бе? Әрине, өзінің сүйікті өнімдерін. Бұл электронды ақша емес, шын мәнінде, суррогат болады. Суррогаттың бір ғана функциясы бар - төлем жүйесі, оның үстіне, корпоративтік төлем. Ақыры экономика біздің азаматтардың толық мәліметтер базасы жинақталған америкалық төлем жүйесіне тәуелді болады. Бұл ұлттық қауіпсіздікке нұқсан емес пе?" - деді Марченко.

Ол әлеуметтік желілерде ешқашан аккаунт ашпағанын айтты, оның пікірінше, олардың мақсаты - сауданы арттыру үшін ақпарат жинау. Марченко мемлекеттік қызметкерлерге Apple өнімдерін қолдануға тыйым салған Қытайды мысалға келтірді. "Бұл шынымен де тәуелділік қой: сен сервисті қолданасың, ал ол сен туралы ақпарат жинайды", - деді ол.

Марченко бұл мәселемен күресудің бір әдісі ретінде өз электронды ақшамызды енгізуді атады. Эмиссиямен Кеден одағы елдерінің орталық банктері айналысуы керек. "Егер үш жыл ішінде ірі дамушы мемлекеттердің орталық банктері өз электронды ақшаларын енгізбесе, бес жылдан соң енгізу кеш болады. Көп елдерде сондай ахуал қалыптасады: операциялардың жартысы мен одан көбі қолма-қол ақшамен іске асырылады, қолма-қол төлемсіз құрылымдарда доллар өз үлесін сақтайды, ал электронды қаржы жүйесінде Apple, Google мен Facebook үстемдік атқарады. Сонда не болды? Сіз төлемдердің барлық түрінің көп бөлігі басқа қаладан басқарылатын жүйені қалай игермексіз? Ешқалай", - деді Марченко.

Ол Қазақстанда бұрын өз төлем жүйесін енгізу қадамдары жасалғанын айтты, бірақ коммерциялық банктер олардың жолын кесті. Марченко мұндай жүйе банк клиенттері үшін тарифті екі есеге төмендетуге мүмкіндік беретінін түсіндірді. "Бұған мемлекет араласуы керек. Біріншіден, банктерді өз клиенттерін, яғни сіз бен бізді, кәсіпорындар мен адамдарды құрметтеуге мәжбүрлеу керек. Ал екіншіден, ұлттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап ету қажет. Мемлекеттің өзі сол үшін өмір сүріп отыр", - деді Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети