Микроқаржы ұйымдарының кредиттері 38 пайызға өсті

05 Желтоқсан 2019, 10:00
0
Микроқаржы ұйымдарының кредиттері 38 пайызға өсті - Көрнекі сурет © pixabay.com
Көрнекі сурет © pixabay.com

Қазақстанның микроқаржы нарығы өсіп келеді. Мәселен биыл микроқаржы ұйымдарының кредиттері 38 пайызға өсті, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Соңғы тоқсандағы МҚҰ жиынтық несие портфелі 10,7 пайызға өсті және 2019 жылдың екінші тоқсаны бойынша 258,1 миллиард теңгеге жетті. Бір жылдағы өсім бірден 37,6 пайызға өскен. 

Орташа алғанда, 2016 жылдан бастап МҚҰ микрокредиттер көлемінің тоқсан сайынғы өсімі - 10,5 пайыз. 2019 жылдың екінші тоқсанында Ұлттық банкке 165 микроқаржы ұйымы есеп берді.

Еске салайық, 2019 жылдың қазанының соңында 1,25 миллион жеке кәсіпкер тіркелген. Ол 3 мегаполиске жалпы санның төрттен бір бөлігі. 

Қалған аймақтарда банк филиалдарының аз болуына байланысты бизнесті дамытуға несие беруді негізінен МҚҰ береді. Мысалы, Түркістан облысында тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы санының үлесі - 11,1 пайыз, ал облыстағы екінші деңгейлі банктері филиалдары мен бөлімдерінің үлесі - бар болғаны 2,8 пайыз.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны бір жыл ішінде өзгеріссіз қалды және 2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында 2,1 миллион адам, олардың 60 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай