18 тамыз 2016 17:09

Министр балабақшаларға бюджеттен 6 миллиард теңге бөлуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшаларға бюджеттен қосымша 6 миллиард теңге бөлуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшаларға бюджеттен қосымша 6 миллиард теңге бөлуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 25 жылда мемлекет мектепке дейінгі мекемелерге көп көлемде қаражат жұмсаған.

"Балапан" бағдарламасының арқасында жеке сектор өте жоғары белсенділігін сақтағанына қуаныштымыз. Мектепке дейінгі жеке ұйымдардың саны он есе өскен, шамамен 2200 балабақшаға көбейген. Биыл біз тағы қосымша 30 мың орындық балабақшаға 6 миллиард теңге бөлуді сұраймыз. Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, бізді қолдауыңызды сұраймыз", - деді Сағадиев.

Ол қазіргі кезде жеке балабақшаларды ашу мемлекеттік тапсырысты кәсіпкерлерге бюджеттік заңнамаға сәйкес бір жылға ғана емес, ұзақ мерзімге жасау мәселесін қарастырылып жатқанын айтты.

"Бұл мемлекеттік мөлшер бойынша балабақшалардың дамуына үлес қосып жүрген инвесторларды тағы да жігерлендіре түседі. Біздің мақсатымыз - 100 пайыз қамту, балабақшаға кезекке тұру мәселесін толығымен шешу", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети