Нұр-Сұлтанда LRT салуға қанша қаражат жұмсалады?

30 Шілде, 12:19
0
Нұр-Сұлтанда LRT салуға қанша қаражат жұмсалады? - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда LRT салуға 1,5 миллиард доллар шамасында жұмсалады екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үкіметте өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жобаның бастапқы құны - 1,8 миллиард доллар болған. Қытай даму банкінен қарыз алған жағдайда біз 2,6 миллиард долларды қайтаруға тиіспіз. Одан бас тарту арқылы біз 800 миллион доллар үнемдедік, бұл өте дұрыс шешім болды. Енді біз көрсеткен барлық жобаларды оңтайландыру құрылыс-монтаж жұмыстарын 350 миллион долларға төмендетуге мүмкіндік берді. Соңғы құны - 1,5 миллиард доллар шамасында болады", - деді Күлгінов.

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бұл соаның тағы қысқаруы мүмкін екенін айтты. 

"Біз қарыз мерзімін бес жылға дейін қысқарттық және құны әлдеқайда төмен болады. Біз қазір 3-тен 3,5 пайызға дейін жұмыс жасаймыз. LIBOR+2 LIBOR бүгін 2 пайыздан көп екенін ескере отырып, шамамен 4,9-да шығады. Сондықтан, жоба несие беруші тараптың өзгеруі мен несие мерзімін қысқарту есебінен арзандайды", - деді Қасымбек.

Либор (LIBOR - London Interbank Offer Rate) - Лондон банктері өзінің ағымдағы өтімділігін қолдау үшін бір-біріне кредит беретін ставка. LIBOR - банкаралық нарық индикаторларының бірі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай