06 қыркүйек 2017 10:03

Өзбекстандағы девальвация теңгеге әсер ете ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nuz.uz © nuz.uz

Өзбекстандағы девальвация Қазақстанға аса қатты әсер етпейді. Мұндай пікірді КТК телеарнасына сарапшылар айтып отыр.


Өзбекстандағы девальвация Қазақстанға аса қатты әсер етпейді. Мұндай пікірді КТК телеарнасына сарапшылар айтып отыр.

"Сомның девальвациясы және Өзбекстандағы валюта нарығының леберализациясы екі жақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Себебі, Қазақстандық тарап үшін, Қазақстандық бизнес үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашылады", - дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарыбеков.

Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның теңгесіне бұдан келер зиян жоқ екенін айтады.

"Өзбекстанның валютасының девальвациясы Қазақстан теңгесіне әсері жоқ. Әрине, өздерінің ішкі сасяттарында өзгерістер болады. Бірақ бұл ұзақ мерзімді инвестицияларға, халықаралық инвесторларға жол ашып отыр. Сондықтан, менің ойымша бұл өзгерістер дұрыс", - дейді сарапшы Меруерт Мақмұтова.

Телеарнаның мәліметінше, Өзбекстан осы девальвацияның арқасында шетелге ақша аударуға да мүмкіндік алып отыр. Себебі, бұған дейін сырттан келетін валюталарды міндетті түрде төмен бағамен Үкіметке сатып отырған. Сондықтан шетел инвесторлары Өзбекстанға ақша аударғанды ұната бермейді екен. Десе де, өзбек сумының девальвациясы Қазақстандық экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендететіні анық. Айтуларынша, Өзбекстан нарығындағы қазақстандық тауарлар қымбаттайды. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, осыған дейін Өзбекстанда сомның екі есе құнсызданғаны хабарланған болатын. Орталық банк сайтындағы мәлімет бойынша, 5 қыркүйектен бастап бағам долларына 8,1 мың сом деңгейінде тіркелді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети