Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Рубль бағамы төмендейді – сарапшы

17 Қараша 2014, 19:01
0
©REUTERS
©REUTERS

Ресейлік PROFIT Group компаниясы сарапшыларының пайымдауынша, рубльдің бағамы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

PROFIT Group компаниясының сараптама департаменті басшысы Глеб Задояның айтуынша, 17 қараша күні доллардың бағамы Мәскеу банктері валюта биржасында 47,4 рубль шамасында болды, ал евро нарықта 59,4 рубль деп бағаланды. Сарапшының айтуынша, жыл соңына дейін доллар 50 рубльден асады, ал евро 62-63 рубль болады. 

Сондай-ақ Задоя рубльдің құнсыздануынан мұнайдың бағасы  да құлдырайтынын айтты. Ал ресей банкінің басшысы доллардың бағамы біртіндеп тұрақталатынын айтады. "Ресейдің Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина бағамының тұрақталуын энергоресурстардың бағасының өсуімен байланыстырады. Ол валюта нарығындағы көрсеткіш рубльдің өзгерісіне қарай бейімделеді деп санайды. Бүгінде көптеген нарық қатысушылары мұнай бағасының көтерілуін күтіп отыр. Мүмкін осыған орай рубль бағамы да тұрақталады", - дейді сарапшы.

Қарсы тарап мұнай бағасына қатысты болжам жасаудың аса тиімді емес екенін айтуда. Өйткені осы жылдың маусымынан бері энергоресурстардың бағасы төмендеуде. Сондықтан осындай динамика сақталып тұрған кезде рубль әлі де құлдырауы мүмкін. Сондықтан қазіргі валюта нарығындағы тұрақтылық дауыл алдындағы тыныштық болуы ықтимал.  

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай