Рубль тағы да құнсызданып барады - сарапшы

14 Қазан 2014, 20:01
0
Рубль тағы да құнсызданып барады - сарапшы - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Рубльдің құнсыздануы жалғасуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Фонд Магута" компаниясының активтерін басқарушы Платон Магут айтып отыр. Оның айтуынша, бүгін 14 қазан күні рубльдің құнсыздануы тіптен күш алды. Ол доллар-рубль жұбының 40.80-ге дейін көтерлігенін баса айтуда.

"Қыркүйек айының басында рубль 16 пайызға құнсызданды. Бұл аралықта Ресей банкі 15 миллиардқа жуық қордағы долларын жұмсады" - дейді ол.

Сарапшының айтып отырғанындай, рубльдің құнсыздануына тағы басқа себептер бар. Мәселен, бұған мұнай бағасының құлауы да әсер етіп отыр. Бүгінгі биржадағы сатылым бойынша Brent маркалы мұнай бағамы 88 долларға дейін төмендеген. Бұған қоса сарапшы "рубльдің құнсыздануына жалпы сыртқы ахуал да әсер етуде" - дейді.

Дегенмен сарапшы рубльдің біртіндеп бой түзеуіне мүмкіндігі бар екенін алға тартып отыр. "Геосаяси жағдайға байланысты Украинаға қысымдар төмендей түсті. Батыспен арада байланыс орнай бастады. Қазір барлығы санкциялардың алынып тасталуын белсенді түрде талқыға салуда" - деді сарапшы.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар рубльдің құнсыздануы теңгенің бағамына да әсер ететінін айтқан. Дегенмен бірқатар сарапшылар "алаңдауға негіз жоқ" деп те отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай