"Самұрық-Қазына" қоры Темiрбанк акционерлер құрамынан шығып кетті

03 Шілде 2014, 20:24
0
"Самұрық-Қазына" қоры Темiрбанк акционерлер құрамынан шығып кетті - ©temirbank.kz
©temirbank.kz

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Темiрбанк АҚ акционерлер құрамынан толығымен шығып кетті, деп хабарлайды  Tengrinews.kz Қазақстанның қор биржасына сілтеме жасай отырып. 

"Самұрық-Қазына" АҚ өзіне тиесілі  15 980 933 000 қарапайым акцияны Темірбанк АҚ-ға басыбайлы берді (бұл жалпы қарапайым акциялардың 79,88 пайызы).  Биржаның дерегі бойынша келісім нәтижесінде "Самұрық-Қазына" АҚ  Темірбанк акционерлері құрамынан толығымен шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың аяғында   "Самұрық-Қазына"  қоры өзінің Темірбанктегі және  Альянс банктегі үлесін Болат Өтемұратовқа сату туралы келісімдерін аяқтағаны хабарланған болатын. Сол уақытта тараптар қарапайым акциялардың Темірбанктегі 79,88 пайызы мен Альянс банктегі қарапайым және артықшылықты акциялардың 16 айызын сату сатып алу туралы келісім жасасқан болатын. 

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қарапайым және артықшылықты акциялардың 51 пайызымен Альянс банктегі бақылаушы акционер болып қалатыны айтылған еді. Осы екі келісімді де Қазақстанның Ұлттық банкі мақұлдаған болатын. Қор басшысы Елена Бахмутованың айтуынша, банк акцияларын сату мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған. Яғни бұл антикризистік бағдарламаның бір қадамы болып табылады.   

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай