23 қараша 2015 15:03

Сарапшылар осы аптада теңге бағамының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұл аптада теңге бағамында айтарлықтай ауытқушылық болмайды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сарапшылар айтып берді.


Бұл аптада теңге бағамында айтарлықтай ауытқушылық болмайды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сарапшылар айтып берді.

Экономист Евгений Кочетов теңге бағамының өткен аптадағы жағдайына қатысты ойын айтты. Сарапшының мәлімдеуінше, доллар 307,4 - 308,4 теңге деңгейінде сақталды және жұма күні 307,4 теңге бағаммен жабылды. "Үкіметтің кеңейтілген отырысында Данияр Ақышев (Ұлттық банк басшысы - Авт.) айтқандай, Ұлттық банк бағам құрылымына араласпайды, ал біз көрген бағам әлемдік экономикада болып жатқан жағдайларға сәйкес келеді", - деді Кочетов.

Алайда, оның айтуынша, сауда көлемі мен баға белгілеу қозғалысын ескеретін болсақ, Ұлттық банк бағамнан толық қашықтаған жоқ деуге болады. "Ол әсіресе өткен дүйсенбіде қатты байқалды. Ұлттық банк бағамға екінші деңгейлі банктерге теңге өтімдігін ұсыну түрінде ықпал етіп отыр. Дүйсенбіде TONIA индикаторы шамамен 60 пайыз деңгейінде болды, ал сейсенбіде төмендеуі, мысалы, доллар бағамы 308,4 теңгеге дейін түсті. Сәрсенбіде ғана өз көлеміне қайта келді, - деді сарапшы.

Кочетовтің ойынша, Ұлттық банк қазіргі таңда белгіленіп отырған бағамды экономика үшін оңтайлы деп сенеді және күрт ауытқушылық болмас үшін жанама тәсілмен ұстап тұруға тырысады. "Бірақ бұл бағам қозғалысына таңба салады, яғни еркін ауытқу принциптеріне қарсы келеді. Қаржыны реттеуші теңге құнын арттыру арқылы бірнеше күн бағамға ықпал етсе, бұл саясат жалғаса береді, әсіресе жұмада мұнай баррелінің құны 45 доллардан төмен түскенін ескеретін болса", - деді экономист.

Спикердің айтуынша, өткен аптада рубль бағамы мұнайға қарағанда байыппен төмендеді және ол ресейлік нарықты елең еткізді. "Менің ойымша, бұл да біздің Ұлттық банкке теңге өтімділігі әрекетін белсенді етуде қосымша аргумент берді", - деді Кочетов. Оның ойынша, бұл аптада сол бағам сақталуы мүмкін.

Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов те бұл оймен келісіп, осы аптада доллар бағамы 306-308 теңге болады деп отыр.

Айта кетейік, бүгін таңертең сауда нарығында доллар бағамы 307,21 теңге болды. Ал сауда көлемі - 185,35 миллион доллар. Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети