11 сәуір 2019 10:18

"Сәтті Жұлдыз" SuperBingo 20 миллион теңгені кепілді түрде ойнатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" SuperBingo-ның кепілді ойнатылымы жайлы хабарлады.


Ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" SuperBingo-ның кепілді ойнатылымы жайлы хабарлады.

Осы сенбіде қазақстандықтар 20 миллион теңгеден аса соманы ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. TeleBingo лотереясының тиражы 13 сәуір күні 20:00-де "Жетінші арнада" көрсетіледі.

TeleBingo ойынының ережесі бойынша, SuperBingo 7-ші тиражға дейін өз бетінше ойнатылмаса, әр 7-ші тираж сайын кепілді түрде ойнатылуы қажет. Бұл дегеніміз лототрон шарларды бір немесе бірнеше билетте барлық 15 сан сәйкес түскенше ойнатады. Назар аударатын бір жайт, 20 миллион теңгеден аса соманы бір немесе бірнеше лотерея қатысушылары ұтып ала алады. SuperBingo-ны бірнеше адам ұтып алған жағдайда, ұтыс жеңімпаздраға теңдей бөлініп беріледі.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда SuperBingo-дан 11,5 миллион теңге алматылық Константин және түркістандық Абдуғаппарға бұйырды. "Сәтті Жұлдыздың" ақпараты бойынша,TeleBingo ойынының 16 тиражында 18 қазақстандық лотерея миллионері атанған. TeleBingo билеттерін жұлдыз белгісі бар дүкендерде, "Караван" дүңгіршектерінде, ірі супермаркеттерде, "Касса 24" терминалдары мен қосымшасында, сонымен қатар лотерея операторының сайтында сатып алуға болады. Барлық сату нүктелерінің мекенжайын осында табуға болады.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети