13 тамыз 2014 15:40

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасы толықтыруды қажет етеді - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасы толықтыруды қажет етеді. Қазақстандағы Саяси шешімдер институтының (КИПР) сараптамалық тобымен бірге жобаны талқылау кезінде сарапшылар осындай қорытындыға келді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сыбайлас жемқорлықтан 10 жыл (2015-тен 2025 жылға дейінгі аралықта) ішінде арылуды көздейтін "Нұр Отан" партиясының талқысына ұсынылған болатын.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасы толықтыруды қажет етеді. Қазақстандағы Саяси шешімдер институтының (КИПР) сараптамалық тобымен бірге жобаны талқылау кезінде сарапшылар осындай қорытындыға келді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сыбайлас жемқорлықтан 10 жыл (2015-тен 2025 жылға дейінгі аралықта) ішінде арылуды көздейтін "Нұр Отан" партиясының талқысына ұсынылған болатын.

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов құжаттың осал тұсы нақтылықтың болмауында деп санайды. "Әзірге, нақты шаралар ұсынылған жоқ, сондықтан бұл арада талқылайтын да дәнеме жоқ. Әрине, партияға бұл ретте бірқатар ұсынысымыз бар. Мәселен, үкіметтік деңгейде әр министрліктің жыл сайын айналымға шығаратын мемлекеттік бағдарламалары бар. Міне, осы бағдарламалар қалай жүзеге асырылды, осыған қатысты партия өз есебін даярласа жақсы болар еді" дейді ол.

Өз кезегінде Кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында жалпыхалықтық декларациялаудың қамтылуы оның салмағын арттырып, қоғамдағы ықпалын зорайтатындығын айтады. "Біздегі шенеуніктің басында ештеңе тіркелмегендігімен жиі кездесеміз. Егер салық декларациясы есебіне жүгінсек, онда біздегі шенеуніктер шынымен де қайыршы. Бірақ біз көптеген пәтері, көлігі бар шенеунік емес, басқа адамдарды байқап жатамыз. Қарапайым адамның қолында 60 пәтер қайдан пайда болды? (...) Мұны біз тендерлерді саудалаудан алған пара түріндегі шенеуніктердің басқа адамның атына тіркеткен мүліктері деп ойлаймыз. Сондықтан, егер тек шенеуніктер емес, сонымен қатар оның алыс-жақын туысқандары, тіпті соларға жақын жүрген адамдардың да табысы жария жүргізіле бастаса, онда сыбайластыққа шындап соққы берілетіндігінің куәсі боламыз" дейді Резван.

Transparency Kazakhstan ақылдастар кеңесінің төрайымы Наталья Малярчуктің пікірінше, бағдарлама жобасы дұрыс әрі тың алғышарттарды қамтыған. Алайда ол "ондағы жазулар кезең аралық мақсаты және күтілген нәтижесі бекімеген баршаға берілген жалпылама тапсырма секілді көрінеді" деп санайды. "Құжатта құрылымдық байқалмайды, бұл арада тек "қоғамдық пікірге" ғана жүгінуге болады. Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы саладағы бар сараптамалар толықтай мұнда қамтылмаған" дейді ол. Малярчук құжатта сыбайлас жемқорлық - дұшпан екеніне азаматтарды сендіретіндей себептермен нақты ашып көрсетуге кеңес берді. "Біз нақты себебін ашып көрсеткенде ары қарай не істеу керектігі өздігінен айқындалады" дейді сөз алушы.

"Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбековтің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының басты мақсаты бар - кез келген сыбайлас жемқорлық әрекетіне төзбейтін хал-ахуал қалыптастыру арқылы қоғамның барлық тап өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Ол бағдарламаның жаңа қыры сыбайлас жемқорлық себебі мен шарттары көзін жою екендігін баса айтты. Нұрбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін алдағы бес жылдықтың (2020 және 2025 жылдар) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жол картасы жасалатындығын айтады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети