09 желтоқсан 2019 14:11

Табысын жасырып, АӘК алғандардан 451 миллион теңге қайтарылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Осы күнге дейін өз табысы мен жеке мүліктерін жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті алып келген отбасыларға мемлекеттің қаражатын қайтару мәжбүрленбейді, - деп хабарлайды Елорда Инфо.


Осы күнге дейін өз табысы мен жеке мүліктерін жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті алып келген отбасыларға мемлекеттің қаражатын қайтару мәжбүрленбейді, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Бұл сәуір-мамыр айларында болған жағдайлар. Біз 74 мың отбасының атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырғаны туралы мәлімет бергенбіз. Әрине заң бойынша мемлекет қаражатын өз еріктерімен қайтаруы тиіс. Бүгінгі күні АӘК-ке берілген 451 миллион теңге кері қайтарылды. Бірақ, менің ұстанымым, мен әкімдерге де талап қойып жатырмын. Мәжбүрлеп, қатаң түрдегі қайтару шаралары қолданылмайды. Себебі ол адамдар қателік кеткенін мойындады. Сондықтан сот арқылы өндіріп алуға негіз жоқ. Жазда біздің ақпараттық жүйе қайта жетілдірілді, сондықтан алдағы уақытта ондай қателіктер болмайды", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Еске салайық, биыл тамыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміз бойынша 21 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өз табыстарын жасырғанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети