Теңге 2017 жылдан бері жеті пайызға қымбаттады. "Альпари" компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, осы аптада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 310-314,5 теңге болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнай бағасының тұрақты бағамы ұлттық валютаның бір қалыпта болуына әсер етеді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54-57 доллар болып қала бермек. Бұл көрсеткіш осымен бірнеше апта бойы тұр. Себебі қара алтынның бағасы тез өсіп, тез төмендей алмайды", - дейді маман.
Сондай-ақ, оның айтуынша, теңгенің нығаюы күнделікті өмірдегі қолданылатын тауар өнімдерінің бағасының төмендеуіне әсер етпейді. "Қысқасы енді өмір сүру бұрынғыдай тез қымбаттап кетпейді. Бірақ азық-түлік өнімдері мен жанармай бағасы төмендеуі мүмкін деп айту әлі ерте. Себебі нарықтық экономикада қазіргі уақытта ондай ресурс жоқ. Жалпы, теңгенің нығаюының жақсы жағы - бағалардың ауытқуы болмайды", - деді Анна Бодрова.