01 қазан 2019 12:03

Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндады, ал қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды.

Осы жылдың наурыз айында түзетілген еліміздің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің сақталуын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған кірістер 7081,3 миллиард теңгені, шығындар - 12028,1 миллиард теңге.

"Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға, экономикалық өсудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді", -  деді Мамин.

Экономикалық өсудің қосымша көздерін өңдеу өнеркәсібін қолдауға арналған қаражатты қайта бөлу, салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ несиелендіру, Павлодар және Ақтөбе облыстарының сұранысқа ие суармалы жерлерінің гидромелиоративті жүйелерін реконструкциялау, сондай-ақ Жамбыл облысында ауылда кооперацияны дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асыру арқылы құру жоспарланған. 

Осы міндеттерді 199,1 миллиард теңге сомасында шығыстарды қайта бөлу және осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет кірістерін 94,9 миллиард теңге мөлшерінде түзету жолымен қаржылық қолдау ұсынылады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Асқар Мамин тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети