16 шілде 2015 16:00

Украинада Қазақстаннан газ сатып алу мәселесі қайта көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Украина Қазақстан мен Түркменстаннан газ сатып алуға мүдделі, - деп хабарлайды РИА Новости Украинаның энергетика және көмір министрлігінің еуроинтеграция басқармасының басшысы Михаил Бно-Айриянға сілтеме жасап.


Украина Қазақстан мен Түркменстаннан газ сатып алуға мүдделі, - деп хабарлайды РИА Новости Украинаның энергетика және көмір министрлігінің еуроинтеграция басқармасының басшысы Михаил Бно-Айриянға сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, бұл туралы Украинаның вице-премьері Геннадий Зубко мен Қазақстанның вице-премьері Бақытжан Сағынтаевтың кездесуінде айтылды. Кездесуге Украинаның энергетика министрі Владимир Демчишин де қатысты.

"Министр: біз Қазақстанда газ сатып алуға дайынбыз. Осы мәселеге қайта айналып келу қажет. Оның транзиті мәселесінде қиындықтар бар, бірақ мәселені шешу керек", - деп жазды энергетика министрлігінің өкілі Twitter желісінде бұл кездесу жайлы. "Түркменстанның газын Қазақстан территориясынан өтетін транзиті осыған ұқсас жағдай. Бізге транзит пен орталықазиалық газды жеткізу керек", - деді ол.

Еске салайық, нәтиже бермеген кезекті үшжақты кездесулерден кейін 30 маусымда Украина Ресей Федерациясынан газды сатып алуды тоқтатты және қазір газды реверс арқылы Еуропадан алып жатыр. 1 шілдеде "Газпром" Украинаға газ жеткізудің тоқтатылғанын растады. "Газпром" ешқандай да алдын ала төлем жасамайынша қандай да бір бағамен Украинаға газ жеткізбейді", - деп мәлімдеді компания басқармасының төрағасы Алексей Миллер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети