Украинадағы жағдайға байланысты теңге бағамы төмендеуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Валюта нарығының сарапшысы Анатолий Хегайдің айтуынша, Украинадағы жағдайға байланысты теңге бағамы төмендеуі мүмкін" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Сарапшының сөзіне қарағанда, егер Украинадағы жағдай тұрақтанбаса, онда теңге бағамына қысым түседі. "Егер доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185-186 теңгеден асса, онда бұл жағдайға Ұлттық Банк араласуы тиіс" - дейді Хегай. Сондай-ақ, Хегай, Украинадағы саяси жағдай тұрақтанбаса, рубльге де қысым болатынын айтады. Алайда, оның сөзіне қарағанда, рубль қатты әлсіремейді. Өйткені, Ресей Орталық Банкі қысымды азайтып, рубльге қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ол алдағы аптада доллар - 184-184,7 теңге, евро 252-254,5 теңге, ал рубль 5,14-5,20 теңге болады деп болжайды. Сарапшы өткен аптада доллардың 0,2 пайызға көтерілгенін айтады, оның сөзінше, өткен апта ұлттық валюта үшін күрделі болған. Теңге бағамы қысымды сезінген. Сондай-ақ, Хегай, бұған Украинадағы жағдайдың әсері болғанын айтады. "Шиеленіскен жағдай орын алғанда, сол аймақтан қаржының жылыстауы мүмкін. Қаржының жылыстауы ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеледі. Ал, біздің дамып келе жатқан нарықта онсызда жағдай шиеленіскен, сол себепті қаржының жылыстауы орын алады. Ал, Украинадағы жағдай бұл құбылысты одан сайын күшейтеді" дейді Хегай. Сондай-ақ, ол, осы жағдайға байланысты рубльдің әлсірегенін жеткізді. Сарапшының пайымдауынша, теңге бағамының түсуіне әсер ететін екінші нәрсе, бұл - Қазақстандық үш банктің (Банк ЦентрКредит, Альянс банк және Kaspi bank) банкроттығы туралы қауесет. Өйткені, үрейленген инвесторлар бұл банктердегі активтерін алып кете бастаған. "Теңге бағамы тағы да қысымға кезігіп, доллардың теңгеге шаққандағы 186 болды. Бұл өсімді Ұлттық Банк араласып тоқтатты деп болжаймыз. Соның нәтижесінде өткен апта соңында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185-тен төмен түскен еді» дейді сарапшы.

Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer